Наверх

Погода в Астане: 10 мая, ночь: +14° 6 м/с10 мая, утро: +12° 7 м/с10 мая, день: +17° 7 м/с10 мая, вечер: +13° 4 м/с

Оңтүстікқазақстандық жастар «Аягөзге көмек» атты акция өткізуде

747
Фото: Әкімдіктің сайтынан.

Оңтүстік Қазақстан облысының жастары "Аягөзге көмек" атты  үндеу жариялаған болатын. Бүгінгі таңда облыстың белсенді жастары, еріктілері, ауыл-аймақ жастары  қолдан келгенше көмек көрсету мақсатында азық-түлік пен  тұрмыстық қажетті заттарды жинақтау үстінде, деп хабарлайды Объектив.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Облыстық «Жастар ресурстық орталығында» қазіргі уақытта  590 келі  картоп,  513 келі  сәбіз, 2 қап қырыққабат, 550 келі пияз, 50 келі алма және тағы басқа да қажетті заттар мен  104 800 теңге қаржы жиналған.  Орталық мамандары бүгінде  үндеуге үн қосып, қолдау білдірем деген жастардың  қарасы күн санап көбейіп жатқандығын жеткізді.

Шығыс Қазақстан облысының бірнеше аудандарында бір тәулікте бір айлық жаңбыр жауып, 30 шақты жеке тұрғын үй мен 150-ге жуық ауланы су алған болатын. Табиғи апатқа өңірдің белсенді жастары мен жастар ұйымдары бей-жай қарамастан, арнайы топ құрып, үндеу жариялады.

Оценить материал
0