Наверх

Погода в Астане: 07 мая, день: +18° 5 м/с07 мая, вечер: +14° 3 м/с08 мая, ночь: +7° 3 м/с08 мая, утро: +15° 2 м/с

Павлодарда жолдарды жөндеуге дайындық талқыланды

903
Фото: Әкімдіктің сайтынан.

Әкімдіктің кеңейтілген отырысында Павлодар облысындағы жолдарды жөндеу науқанына дайындығы талқыланды, деп хабарлайды облыс әкімінің ресми сайты.

Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бастығы Ермұрат Нұрхановтың  мәлімдеуі бойынша, 2018 жылы облыстық және республикалық бюджеттен жол жөндеу және құрылыс жұмыстарына 12,4 млрд. теңге бөлінді. Ол мердігерлердің дайындықтары жөнінде хабарлап, қазір шығындық материалдарды әзірлеумен айналысып жатқанын айтып өтті.  Бүгінгі күні жол қорларының 55%-ы шағыл , 35%-ы битум.

- Жыл басында біз Автомобиль жолдары комитетіне жол битумының қажеттілігі жөнінде айтқан болатынбыз, наурыз айында Энергетика министрлігі, «ПМХЗ» ЖШС, өңделме компаниялары және мердігерлік ұйымдар өкілдерімен кеңес өткізілді. Бұдан кейін Энергетика министрлігі мердігерлеріміздің  «ПМХЗ» ЖШС-нен қажетті сатып алу тәртібі белгіленген битумды өндіру көлемінің кестесін әзірлеп, бекітті, -деді Ермұрат Нұрханов. Мұнай өңдеу кәсіпорындары ұсынған мәліметке сәйкес, бүгінгі күні зауыттан 22 мың тонна битум түсірілді және 15 мыңы аймақта қалды. Келесі айда 41 мың тонна битумның өндірілуі жоспарланып отыр.

– Битумды дайындау мәселесі күн сайын қадағалануы тиіс, – деді Павлодар облысының әкімі. – Жаз айларында жеткізуші өнімінің бағасын көтеруі мүмкін, себебі сұраныс ұсынысты тудырады, бұдан кейін құрылысшылар материалдардың жетіспеушілігіне, битум алу үшін үлкен кезектерге шағымданады. Өйткені битум алу үшін адамдар елдің түрлі аймақтарынан жиі келеді. Сол себепті біз алдын ала төлем жасап, мердігерлерге материалдарды дайындай бастау керектігі туралы күзде ескерттік.

Болат Бақауов қызметкерлеріне апта сайын ірі мердігер ұйымдармен кездесіп, шығындық материалдардың дайындалуын өз бақылауларында ұстауларын тапсырды.

Оценить материал
0