Наверх

Погода в Астане: 15 мая, день: +31° 6 м/с15 мая, вечер: +24° 5 м/с16 мая, ночь: +19° 5 м/с16 мая, утро: +24° 5 м/с

Астанада «Менің нұрлы әлемім» көркемсурет көрмесі ашылады

1057
Фото: Әкімдіктің сайтынан.

Бүгін Тәуелсіздік сарайының көрме залында Астананың 20 жылдығын мерекелеуге арналған «Менің нұрлы әлемім» көрмесінің ашылуы өтеді, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты Мәдениет және спорт басқармасына сілтеме жасап.

Келушілер елордалық Оқушылар сарайының бейнелеу өнері халықаралық орталығының оқытушылары мен оқушыларының шығармашылығымен танысады. Экспозицияға 100-ден астам картина қойылады, оның басым бөлігі – 6-дан 17 жасқа дейінгі балалардың еңбектері.

Мұнда «Қазақстанның өткеніне саяхат», «Қазақстанның табиғаты», «Қазақстан халқының аңыздары мен ертегілері», «Қазақ халқының салт-дәстүрлері», «Астана – болашақ қаласы», «20 жылдан кейінгі Қазақстан», «Ауыл пейзажы» және т.б. тақырыптарға арналған жұмыстарды тамашалауға болады.

Көрменің ерекше сәттерінің бірі жасы мен техникалық білімінің деңгейіне қарамастан әрбір суретші үшін ортақ болып табылатын шабыт призмасы арқылы шығармашылықтың әралуандылығын көру.

Көрменің мақсаты – жас ұрпақтың бойына патриоттық сезімді, Отанына деген сүйіспеншілікті, Қазақстанның тарихына, мәдениетіне және өнеріне қызығушылықты қалыптастыру, төменгі және орта сыныптардағы оқушылардың эстетикалық талғамдарын дамыту, сонымен қатар, балалар көркемсурет шығармашылығын дәріптеу.

Оценить материал
0