Наверх

Погода в Астане:08 июля, ночь: +20° 2 м/с08 июля, утро: +25° 2 м/с08 июля, день: +29° 3 м/с08 июля, вечер: +26° 3 м/с

Өскеменде екі айдан кейін трамвайлар қайта жүре бастайды

811
Фото: Ашық ақпарат көзінен.

Бұл туралы бүгін Өскемен қалалық әкімдігінде өткен «Трамвай паркі» ЖШС-не қатысты брифингте айтылды. Биыл 26 ақпанда шаһарда трамвай қатынасы тоқтаған болатын. «Трамвай паркі» ЖШС қарыздарға белшесінен бастып, банкрот деп танылған. Мүлкі саудаға шығарылған.

20 наурызда ЖШС ғимараттары мен мүліктері саудаға шығарылып, оны «Ертіс» ӘКК сатып алған. Бастапқы құны 853 миллион теңге болған кәсіпорын мүлкі 443,5 миллион теңгеге дейін түсіріліп сатылды.

«Ертіс» ӘКК басқарма басшысы Антон Крамаренконың айтуынша, 26 наурызда олар мүліктерді толық қабылдап біткен. Енді мүлікті рәсімдеу, тіркеу және тұтқыннан шығару жұмыстары жүргізілуде. Сосын заңды тұлға, яғни кәсіпорын құрылады. Ол «Муниципалдық трамвай паркі» атануы ықтимал.

Трамвайлар әбден ескірген, қазір тек 14 вагон ғана жүруге қауқарлы. «Ертіс» ӘКК Алматыдан 13 қолданыста болған трамвайларды сатып алған. Олар алдағы уақытта Өскеменге жеткізілмек.

Ең бастысы, кәсіпорын ұжымы толық өз орындарында қалмақ. Бірақ, трамвайлардың нақты қашан жүре бастайтыны белгісіз. Крамаренко «кем дегенде 1-2 айдан кейін» деп мәлімдеді.

Дереккөз: ALTAYNEWS.

Оценить материал
0