Павлодарда дінтанушыларының форумы өткізілді
Облыстық орталық «Мәшһүр Жүсіп» мешіті, облыстық «Конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығы» ЖШС және Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінің тарих және Қазақстан халық Ассамблеясы кафедрасымен бірлесіп «Зайырлы мемлекет және жоғары руханият-бірыңғай болашақ ұлтының платформасы» тақырыбына облыс дінтанушыларының II форумын ұйымдастырды. Форумға облыстағы мектептердің дінтанушы мұғалімдері қатысты.
- Форумның негізгі мақсаты тұрғындардың құқықтық сауаттылығы деңгейін арттыру, зайырлы мемлекеттің мәні мен ерекшелігін және оның іргелі қағидаттарын, сондай-ақ қазақстандық қоғамның дамуындағы және гүлденуіндегі рухани құндылықтардың рөлін түсіндіру, осы арқылы «Зайырлылық және дінтану негіздері» пәні оқытушыларының білім деңгейін арттыру, дәстүрлі дін иелері мен діни қауымдастық арасында өзара қарым-қатынасты, ынтымақтастықты нығайту,-дейді облыс өкіл имамы Жолдас Қоспақұлы.
Дереккөз: muftyat.kz.