Наверх

Погода в Астане: 10 мая, ночь: +14° 6 м/с10 мая, утро: +12° 7 м/с10 мая, день: +17° 7 м/с10 мая, вечер: +13° 4 м/с

Маңғыстауда биыл 54 ірі спорттық шаралар өткізіледі

677
Фото: Әкімдіктің сайтынан.

Бұл туралы облыс әкімі Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өткен дене шынықтыру және спорт бөлімінің кеңейтілген отырысында айтылды, деп хабарлайды Объектив.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Облыс әкімінің мәлімдеуінше,былтыр Маңғыстауда 7 ірі спорт нысаны салынған. Бұл «Маңғыстау арена» спорт клубы, «Батыр» спорт кешені (34 ш/а),«Меловой» спорт кешені (3«б» ш/а),«Lions Fight Club» жекпе-жек өнері академиясы. Нәтижесінде 246 жұмыс орны ашылды.

- Сонымен қатар, Шетпе, Атамекен және Ақшұқырда спорттық кешендер салынуда. 32 шағын ауданнан 1,5 гектардан асатын мұз сарайы бой көтермек. 2500 орындық кешен халықаралық стандарттарға сай мұз алаңын, фитнес зал, конференц-зал, баспасөз орталығы, кафе және мейрамхананы қамтиды.Барлығы 120-дан астам жаңа жұмыс орны құрылады, - деді облыс әкімі Ералы Тоғжанов.

Бүгінгі күні облыста спортпен шұғылданатын адамдардың саны 30% -ға немесе 194 832 адамға жетті.Бұл көрсеткіш республикада 5-орын алады. Облыстағы 125 888 орта мектептегі оқушының 21 442-сі спортпен шұғылданады.

2017 жылдың қорытындысы бойынша облыста ұлттық спорт түрлерімен  12 659 адам айналысады. Облыста 19 ұлттық спорт түрі бар.Сондай-ақ 2018 жылы 54 ірі спорттық іс-шара өткізу жоспарланып отыр.

Оценить материал
0