Наверх

Погода в Астане: 27 марта, день: +5° 6 м/с27 марта, вечер: +5° 6 м/с28 марта, ночь: +4° 7 м/с28 марта, утро: +4° 6 м/с

Семейде табиғаттың тосын мінезіне дайындық жүргізілуде

1620
Фото: ALTAYNEWS.

Шығыс Қазақстан облысында сәуірдің 3-4-і күндері ауа райы қолайсыздық танытады деп болжанып отыр. Ертістегі мұздың жүруі, сең қозғалысымен қатар жауын-шашын да болуы мүмкін. Сондықтан ауыл, аудан, қала әкімдері, жергілікті басшылық табиғаттың тосын мінезіне дайын болуы тиіс.

ШҚО ТЖД Семей қалалық Төтенше жағдай басқармасының бастығы, азаматтық қорғаныс полковнигі Қанат Әбділовтың айтуынша, тұрғындар ауа-райының құбылмалы мінезіне дайын болып, қамданып отыруы тиіс. Ұйымдастыру жұмыстарына жергілікті билік жауап береді.

- Әкімдіктің жауапты мамандары апатты-құтқару жүйесін құрып,өз күштерімен дайындалуы керек,байланыс хабарларын үзбей, авариялық бригадалар мен техникалардың дайындығын қамтамасыз етіп, жергілікті көпір мен жолдардың барысын, көлік қозғалысын назарда ұстау қажет- деді Қ.Әбділов.

Дереккөз: ALTAYNEWS.

Оценить материал
0