Наверх

Погода в Астане: 19 октября, вечер: -3° 5 м/с20 октября, ночь: -7° 3 м/с20 октября, утро: -6° 3 м/с20 октября, день: +1° 3 м/с

Жамбылда биыл алты спорт нысаны ашылады

468
Фото: Ақ жол газеті.

Бұл туралы облыс әкімі Асқар Мырзахметов өңірге жұмыс сапарымен келген Парламент Мәжілісі әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшелерімен кездесуінде айтты,-деп хабарлайды Объектив.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Басқосуда депутаттарға өңірдің әлеуметтік саласында атқарылатын жұмыстары таныстырылды.

Негізінен облыс бюджетінің ауқымды бөлігі білім беру саласына жұмсалып келеді. Биыл бұл мақсатқа 102,7 миллиард теңге бөлінген. Сондай-ақ өңірде 3 пен 6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту көрсеткіші 90,2 пайыз. Аудандарда мектепке дейінгі тәрбие берумен қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті дамытып, жеке бизнесті тарту қолға алынған. Тараз қаласында ІТ мектеп-лицей ашу көзделіп отыр.

Облыс тұрғындарын тұрақты түрде дене шынықтырумен және спортпен шұғылдануға ынталандыру бағытында да жүйелі жұмыстар атқарылуда. Биыл қазына қаржысы есебінен 6 спорт нысанының құрылысы аяқталып, қолданысқа беріледі.

Өз кезегінде халық қалаулылары облыс әкіміне нақты ұсыныстарын жеткізіп, аймақтардағы әлеуметтік нысандарды қамту көрсеткішін ілгері етуді сала мамандарына демеушілік жасау бағытындағы жұмыстарға қолдау білдіруді сұрады.

Дереккөз: Ақ жол газеті.

Оценить материал
0