Наверх

Погода в Астане: 22 сентября, ночь: +11° 7 м/с22 сентября, утро: +13° 6 м/с22 сентября, день: +18° 6 м/с22 сентября, вечер: +10° 7 м/с

Қорғаныс министрлігінің делегациясы «ArmHiTec-2018» халықаралық көрмесіне қатысуда

373
Фото: Министрлік сайтынан.

Әскери-техникалық ынтымақтастық шеңберінде ҚР Қорғаныс министрлігінің делегациясы «ArmHiTec-2018» ІІ халықаралық қару-жарақ пен қорғаныс технологиялары көрмесіне қатысуда, деп хабарлайды министрліктің ресми сайты.

«ArmHiTec-2018» қару-жарақ пен қорғаныс технологиялары халықаралық көрмесі «Ереван Экспо» (Армения Республикасы) көрме кешенінде өтуде.

Көрменің экспозициялық бағдарламасының негізгі бағыттары ұрысты басқару жүйелері, байланыс құралдары мен жүйелері, әскерлерді автоматтандырылған басқару жүйелері, робот техникалық кешендері, ұшқышсыз авиация, айқындау, іздеу және толық тексеру құралдары, жоғары дәл қару, лазерлік технологиялар, оптикалық-электрондық жабдық пен жүйелер, әуе шабуылына қарсы қорғаныс құралдары, радиобарлау, радиоэлектрондық күрес пен радиоқарсы іс-қимыл және тағы басқа құралдар болып белгіленді.

ҚР Қорғаныс министрлігінің өкілдері Армения Республикасы, ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттер және Еуропа мен Таяу Шығыс елдерінің әскери-өнеркәсіп кешендерінің жетістіктерімен танысты.

Көрмеде қазақстандық әскери делегацияға ҚР ҚМ Әскери-техникалық саясат департаментінің бастығы полковник Бақытбек Сыдықов жетекшілік етуде. 

Оценить материал
0