Наверх

Погода в Астане: 26 июня, ночь: +20° 3 м/с26 июня, утро: +20° 5 м/с26 июня, день: +21° 7 м/с26 июня, вечер: +17° 6 м/с

Биыл 1 тоқсанда еліміздің медициналық ұйымдарына 22,3 млрд. теңгеге тегін дәрі-дәрмектер жөнелтілді

433
Фото: Министрлік сайтынан.

Амбулаториялық деңгейде тегін дәрілермен қамтамасыз ету үшін елімізде 404 медициналық ұйымға дәрілер мен медициналық бұйымдар келіп түсті, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми сайты.

Сегіз аймақта – БҚО, ОҚО, Қостанай, Жамбыл, Ақмола, Маңғыстау, Қызылорда және Ақтөбе облыстарында дәрілік заттарды есепке алу және өткізу қызметтері сатып алынған жеке меншік дәріханалық желілер арқылы, ал қалған сегіз – Алматы, Астана, Алматы, Атырау, Қарағанды, Павлодар облыстарында, сондай-ақ ШҚО және СҚО-да дәрілер емханалардағы дәріханалар арқылы босатылады. Бұл аймақтарда дәрілерді есепке алу және өткізу қызметтерін сатып алуға үнемделген ақша қаражаты қосымша дәрі-дәрмектер сатып алуға бағытталатын болады.

Қазіргі уақытта ең көп дәрілер Алматы қаласына және Қарағанды облысына келіп түсті – 2,3 млрд. теңгеден. 1,9 млрд. теңгеден сәл асатын сомаға дәрілер ШҚО-ға және бұл сомадан сәл аз сомаға Астанаға келіп түсті. Үш айда 1,9 млрд. теңге сомасына дәрімен қамтамасыз етілген Алматы облысы ең көп дәрі көлемін алған аймақтардың қатарында. 

Ағымдағы жағдай бойынша қазақстандықтарды амбулаториялық деңгейде дәрімен қамтамасыз ету үшін тізімдегі 494 дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың 430 атауы сатып алынды. Бірыңғай дистрибьютордың тізімі бойынша амбулаториялық және стационарлық деңгейде дәрімен қамтамасыз ету үшін 1040 атауы сатып алынған, ол жалпы қажеттіліктің 95%. Сатып алынбаған препараттар бойынша тендер жарияланып, өтінімдері бар конверттерді ашу 28 наурызда өткізілді, сәуірде қорытындысы шығарылады. 

Оценить материал
0