Наверх

Погода в Астане: 07 мая, день: +18° 5 м/с07 мая, вечер: +14° 3 м/с08 мая, ночь: +7° 3 м/с08 мая, утро: +15° 2 м/с

Су тасқынына байланысты ШҚО оқушылары сабақтан босатылды

763
Фото: Ашық ақпарат көзінен.

Бұл туралы бүгінгі Үкімет отырысында ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев айтты.

- Су тасқынына байланысты бірқатар аудандарда,  Шығыс Қазақстанның бірнеше мектептерінде сабақ өткізбейтін болдық. Нақты ақпарат бүгін облыстарға жіберіледі, - деді  Е.Сағадиев.

Бүгінгі отырыста министр білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру бойынша есеп берді. Оның айтуынша, өткен жылы аталған бағдарламаға 445 мдрд теңге бөлінген. Бұл ақшаның 99,8 проценті игерілген.

Сондай-ақ, ол өз сөзінде 5 күндік оқыту жүйесіне көшу 85 пайызға жеткендігін, қазір оқушылардың жүктемесін азайту бағытында жұмыстар жүргізіліп жатқандығына тоқталды. 4 пәнді ағылшын тілінде оқытуға көшу мақсатында бүгінде 12 мың мұғалімге арнайы курстар ұйымдастырылған.

Оценить материал
0