Наверх

Погода в Астане: 21 сентября, вечер: +11° 3 м/с22 сентября, ночь: +11° 7 м/с22 сентября, утро: +13° 6 м/с22 сентября, день: +18° 6 м/с

Шығыс Қазақстандағы су тасқынына байланысты жағдай бақылауда

384
Фото: Ашық ақпарат көзінен.

Бұл туралы бүгінгі  селекторлық режимде өткен Үкімет отырысында  өңірдегі жағдайды баяндаған облыс әкімі Д.Ахметов мәлімдеді. Оның айтуынша, облыстың 4 ауданындағы және Семей қаласындағы жағдай тұрақты бақылауда. Су тасқынынан келген шығындар есептеліп, зардап шеккен үйлерді қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Зырян қаласында бұндай жағдай 60 жыл бойы болмаған, Бұқтырма өзеніндегі мұздың қалыңдығы 2 метрге жеткен. Су тасқынының салдарын жою кезінде Шығыс Қазақстан облысы ТЖД-ның 407 техникасы мен қызметкері тартылған. Сондай-ақ, көмекке Ұлттық Ұлан, әкімдік, коммуналдық қызметтердің қызметкерлері келіп, су тасқынынан кейін қоқысты тазалау жұмыстарына 3100 –дей қоғам еріктілері тартылған.

Ал, ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовтың дерегінше, онда 396 үй мен 185 аула су астында қалып отыр. Осыған байланысты Семей қаласында, Аягөз, Зырян және Шемонайха аудандарында жергілікті ауқымда төтенше жағдай жарияланған.

- Апаттық құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды жасауға мыңнан аса адам, 200 бірлік техника, 96 мотопомпа және 10 қайық жұмылдырылған.Мемлекеттік материалдық резервтен Шығыс Қазақстан облысына 8 техника және жылжымалы электр стансасы берілді, - деді  министр Қ.Қасымов.

Оценить материал
0