Наверх

Погода в Астане: 27 марта, день: +5° 6 м/с27 марта, вечер: +5° 6 м/с28 марта, ночь: +4° 7 м/с28 марта, утро: +4° 6 м/с

2020-шы жылы Қарағандыда 2417 жалдамалы пәтерлер салынады

2140
Фото: Karaganda-region.gov.kz.

Қарағанды облысында 2020-шы жылға қарай 2000-нан астам жалдамалы пәтерлер салынады. Биылғы жылы оның 332-і дайын болады, деп хабарлайды Объектив.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«Нұрлы Жер» бағдарламасы аясында құрылыс қарқыны мен көлемі бойынша Қарағанды облысы Алматы және Оңтүстік-Қазақстан облыстарынан кейін үшінші орында тұр. 

Биылғы жылы облыстық және жергілікті бюджет есебінен Теміртау қаласында 90 пәтер салынады. Осакаров аудfнында – 72 пәтер республикалық бюджет есебінен көтерілмек. Қарағанды мен Шахтинскіде 60 пәтер салынбақ. 

Барлығы 2020-шы жылға қарай облыста 2417 сатып алу құқығынсыз жалдамалы пәтер салу жоспарланған. Оның 258-і Саранда, 240-ы Қарағандыда және 100-і Теміртауда салынады. 

Оценить материал
0