Атырауда жылына 30 млн бекіре шабағы өсірілмек
1911

Фото: atr.kz.
Атырауда бекіре тұқымдас балықтардың шабақтарын өсіретін екі балық өсіру зауыты реконструкцияланады.
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және жануарлар әлемі комитеті төрағасының міндетін атқарушы Марлен Айнабековтың айтуынша, Жайық-Каспий және Атырау балық өсіру зауыттарының жобалық-сметалық құжаттамасы дайындалып жатыр. Барлық жабдықтар жаңартылып, бөген шаруашылығы кеңейтіледі, құбыр жүйесі алмастырылады.
- Жаңарту аяқталғаннан кейін екі зауыттың жалпы қуаты жылына 30 миллион бекіре шабағын өсіруге жететін болады,-деді Марлен Айнабеков.
Қазіргі уақытта 90 жылдардың ортасында салынған екі зауыттың қуаты-жылына 7 миллион шабақ өсіруге ғана жетеді.
Дереккөз: Атырау газеті.
Теги: Атырау. Балық өсіру, Аймақ
Оценить материал
0
0
Поделиться