Наверх

Погода в Астане: 27 июня, вечер: +12° 6 м/с28 июня, ночь: +12° 5 м/с28 июня, утро: +14° 8 м/с28 июня, день: +15° 7 м/с

Курсанттар халықаралық олимпиадаға қатысты

1268
Фото: Министрлік сайтынан.

Радиоэлектроника және байланыс Әскери-инженерлік институтының командасы Дилижан қ. (Армения Республикасы) Монте Мелконян атындағы Әскери-спорттық лицейде өткен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің жоғары білімінің әскери білім беру ұйымдарының курсанттары арасында шетел тілінен IV халықаралық олимпиадаға қатысты. Олимпиада ТМД-ға мүше мемлекеттері қорғаныс министрліктерінің ұсыныстарына сәйкес өткізілуде.

Сайыс Армения, Беларусь, Қазақстан және Ресейдің жоғары әскери оқу орындарында 2018 жылғы мамырдың ортасына дейін өтеді. Онда Достастыққа қатысушы мемлекеттері әскери ЖОО-лардың үздік курсанттары терең білімдерін, білімдарлықтары мен математика, информатика, әскери тарих, шетел тілі мен әскери-кәсіптік дайындық бойынша керемет қабілеттіліктерін паш етеді.

Өткізілген IV халықаралық олимпиада қорытындысы бойынша Радиоэлектроника және байланыс Әскери-инженерлік институтының командасы шет тілі бойынша шешуші кезеңнің бейінді дайындықтары бар командалар арасындағы абсолюттік командалық біріншілікте үшінші орынды жеңіп алды.

IV халықаралық олимпиаданың келесі кезеңі математикаға арналады және 2018 жылғы сәуірдің 2-і мен 6-ы аралығында Алматы қаласында Радиоэлектроника және байланыс Әскери-инженерлік институтының базасында өтеді. 

Дереккөз: ҚР Қорғаныс министрлігінің ресми сайты.

Оценить материал
0