Наверх

Погода в Астане: 07 мая, день: +18° 5 м/с07 мая, вечер: +14° 3 м/с08 мая, ночь: +7° 3 м/с08 мая, утро: +15° 2 м/с

Семейлік жастар тасқыннан зардап шеккен аймақтарды қалпына келтіруде

842
Фото: ALTAYNEWS.

Қалалық Жастар ресурстық орталығының ұйытқы болуымен Семейдегі жоғары оқу орындары мен колледж студенттері сенбілікке шықты. Олардың мақсаты – қызыл судың залалы тиген аудандарды қалпына келтіру. Бұл жұмыстарға шамамен 100-ден аса студент қатысуға ниет танытқан.

Семей қаласы жастар ресурстар орталығының директоры Олжас Соғымбайдың айтуынша, Түйемойнақ аралында 50-ден астам студент жұмыс істеуде. Олардың арасында Р.Байсейітов атындағы қаржы-экономикалық сондай-ақ көлік және электротехникалық колледждерінің белсенді жастары бар. Олар тұрғындардың үйлері мен аулаларын реттеуге көмектеседі. Бұл бағыттағы жұмыстар бір күнмен шектелмей, алдағы уақытарда тасқын судан зардап шеккен басқа аудандарда да жалғасады. Бұған қоса жастар қамкөңіл жандарға гуманитарлық көмек беруді жоспарлап отыр.

Дереккөз: ALTAYNEWS.

Оценить материал
0