Наверх

Погода в Астане: 10 мая, ночь: +14° 6 м/с10 мая, утро: +12° 7 м/с10 мая, день: +17° 7 м/с10 мая, вечер: +13° 4 м/с

Ақтөбеде 500 орындық жатақхана пайдалануға беріледі

1308
Фото: Ашық ақпарат көзінен.

Ақтөбенің жоғары оқу орындарында білім алатын үш мыңдай жас жатақханаға мұқтаж. Биыл Жұбанов университеті 500 орынға шақталған студенттер үйін пайдалануға береді.

Құдайберген Жұбанов атындағы университетте 11 мыңға жуық студент 9 мамандық бойынша білім алады. Оның 630-ы "Серпін" жобасы бойынша оқып жүр. Жаңа оқу жылында бірінші курсқа 5 мың талапкерді қабылдау жоспарланған. Негізінен университеттің мың адамға шақталған екі жатақханасы бар. Былтыр тәуелсіздік күні смарт "Жастар үйі" ашылды. Бұл өңірдегі заман талабына сай салынған алғашқы ғимарат.

9 қабатты зәулім үйді тұрғызуға университет өз бюджетінен 1 млрд теңге қаржы жұмсаған. Ал, жуырда 500 орындық жатақхана пайдалануға берілмек.

Бүгінде облыста 49 мың студент бар. Оның 22 мыңы жоғары оқу орындарында оқиды. Оның 55 пайызы жатақханамен қамтылған.

Дереккөз: Ақтөбе телеарнасы.

Оценить материал
0