Наверх

Погода в Астане: 29 мая, день: +28° 3 м/с29 мая, вечер: +24° 3 м/с30 мая, ночь: +19° 4 м/с30 мая, утро: +21° 4 м/с

Ригада екі елдің көлік саласындағы ынтымақтастығының перспективалары талқыланды

1879
Фото:

Латвия астанасы Рига қаласында Қазақстан - Латвия көлік жөніндегі жұмыс тобының бірінші отырысы өтті, деп хабарлайды Объектив.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Отырыс Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму бірінші вице-министрі Роман Склярдың және Латвия Республикасы Қатынас министрлігінің Мемлекеттік хатшысы Каспарс Озолиньштің тең төрағалық етуімен өтті.

Тараптар Қазақстан мен Латвия арасында әуе қатынасы, теміржол контейнерлік тасымалдары, халықаралық автотасымалдар және көлік логистикасы мәселелері бойынша өзара қарым-қатынас орнатудың қазіргі жай-күйі мен перспективаларын талқылады.

Отырыста Қытай - Еуропа бағытындағы контейнерлік тасымалдың бүгінде маңызы арта түскені айтылды. Бұл бағытта Латвия Қазақстанды стратегиялық әріптес ретінде қарастыратынын айтып, алдағы уақытта «Балтика-Транзит» контейнерлік пойызымен тасымалдарды жандандыру бойынша атқарылып жатқан жұмысы туралы хабардар етті. Сондай-ақ, қазақстандық тарап екі елдің транзиттік мүмкіндіктерін пайдалану мақсатында ынтымақтасуға мүдделі екендігін растады.

Сонымен бірге, қазақстандық тарап «Қорғас – Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағында логистикалық хабты дамытуға латвиялық компанияларды атсалысуға шақырды. Тараптар бұл мәселе бойынша өзара қызығушылықты ескере отырып келіссөздерді жалғастыруға уағдаласты.

Сондай-ақ, латвиялық тарап көлік саласында цифрлық және «жасыл» технологияларды қолданудағы тәжірибесімен бөлісті. Тараптар осы бағытта жүріп жатқан жұмыстар жөнінде ақпарат алмасуды жалғастырады.

Қазақстан мен Латвияның көлік саласындағы қарым-қатынасында оң динамика байқалады. 2017 жылы екі ел арасындағы экспорт-импорттық жүк тасымалдарының көлемі 218,57 мың тоннаға жетіп, 2016 жылмен салыстырғанда (212,46 мың тонна) 6,11 мың тоннаға ұлғайды.

Талқылаулар мен қол жеткізілген келісімдердің қорытындысы бойынша тараптар хаттамаға қол қойды.

Оценить материал
0