Наверх

Погода в Астане: 25 сентября, ночь: +10° 4 м/с25 сентября, утро: +11° 5 м/с25 сентября, день: +20° 5 м/с25 сентября, вечер: +14° 4 м/с

Оңтүстікқазақстандық диқандар 26 мың гектарға бақша дақылдарын егуде

370
Фото: Әкімдіктің сайтынан.

Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданының диқандары бүгінгі күнге дейін 1723 гектар жерге қарбыз, 3120 гектарға қауын тұқымын егіп үлгерді. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда қарбыз 1248 гектарға, қауын 1277 гектарға артық, деп хабарлайды Объектив.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Көктемгі егістік науқаны аяқталғанға дейін диқандар 26 мың гектар жерге бақша дақылдарын егуді жоспарлап отыр. Жылда көктемгі егіске ерте бастан қамданатын мақтаралдық шаруалар дәстүр бойынша көктемгі егіс жұмыстарын қызу қарқынмен жүргізуде. Одан басқа ауданда 997,1 гектарға жаңа жоңышқа, 931 гектарға ерте пісетін көкөніс, 855,5 гектар жерге қырыққабат дақылы егілді.

Үлбір астына егілген бақша дақылын ертерек өсіріп, одан мол өнім алуды мақсат еткен диқандар агротехника талаптарын мұқият сақтауға күш салуда. Ал ылғал жабу жұмыстары тиянақты атқарылып, қажетті техника, құрал-саймандармен толық қамтамасыз етілген.

Көктемгі егістік жұмыстарын жүргізу бойынша әрбір ауыл округтерінде жұмысшы бригадалар құрылып, олар диқандармен келісіп, жалдамалы негізде жұмыс істеп келеді. Еңбекақысы өзара келісім бойынша, нақты қолма-қол төленуде.

Күннің күрт жылуына байланысты соры шайылған алқаптар дегдіп, тырмалау, ылғал жабу жұмыстары мақталы өлкеде осылайша қызу қарқын алды. Негізгі дақылы «ақ алтын» болып саналатын мақтаралдық шаруалар жерге мақта шитін себуге де дайындықтарын жасауда. Тұқымдық шит жетіспеушілігі мәселесін болдырмау мақсатында аудан әкімдігінің бастамасымен құрылған жұмысшы топ 3000 тоннаға жуық тұқымдық шитті дайындаған және бұл көктемгі егіс маусымын толықтай қамтамасыз етеді деп жоспарланған.

Оценить материал
0