Наверх

Погода в Астане: 01 июня, ночь: +19° 4 м/с01 июня, утро: +23° 4 м/с01 июня, день: +30° 5 м/с01 июня, вечер: +25° 5 м/с

Астанада екінші халықаралық «Бауыржан Fest» әзіл фестивалі өтеді

2361
Фото: Министрлік сайтынан.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен 2018 жылғы 1 мамыр күні Астана қаласының 20 жылдығын мерекелеу аясында ІІ Халықаралық «Бауыржан Fest» әзіл фестивалі өтеді, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.

«Қазақстан» Орталық концерт залы сахнасында танымал әрі өз елінде ғана емес, әлемге әйгілі әзіл жанрының әртістері жиналады.

Халықаралық әзіл мерекесіне Ресей, Қытай, Украина, Өзбекстан, Армения, Қырғызстан сияқты мемлекеттерден 30-ға жуық тапсырыстар түсті.

Фестивальдің ерекшелігі қойылымдардың әзіл жанрында, пародия көріністері, миниатюра түрінде қазақ, орыс және басқа да тілдерде орындалуында. Дәстүрге айналған «Бауыржан Fest» фестивалінің эксклюзивті форматы өз көрерменін табады деп сенеміз. Халықаралық әзіл мерекесі әртүрлі жастағы, ұлты мен діні бөлек адамдарды, шығармашылығы бір, әзілсүйгіш жандарды бір шаңырақ астына жинайды.

Әзіл фестиваліне эстрада жұлдыздары Елена Воробей мен Андрей Баринов, Владимир Моисеенко мен Владимир Данилец, Карен Аванесян мен Обид Асомов, Атыраудан «Ара Атырау», Шымкенттен «Шаншар», Ақтөбеден «Екі езу», Алматыдан «Бауыржан шоу», «Тамаша», «Ду-Ду» және «ТТТ» театрлары өздерінің жаңа репризалары, пародия, әзілдік нөмірлерімен қатысады.

ІІ Халықаралық «Бауыржан Fest» фестивалінің жеңімпаздарын марапаттау номинациялары Қазақстанның сатира жанрының құрылуы мен дамуына зор үлес қосқан, қазақ әзіл жанрының негізін қалаушы кемеңгерлері, «Тамаша» театрының негізін қалаушылары мен әртістері, ҚР халық әзілкеш әртістері, мәдениет қайраткерлері, сатира және әзіл жанрының мәтіндерінің авторлары, жазушылар мен ақындар құрметіне арналған.

Фестиваль номинациялары: «Оспанхан Әубәкіров атындағы Арнайы жүлде»; «Садықбек Адамбеков атындағы «Тапқырлық» жүлдесі; «Шона Смаханұлы атындағы «Шоқ тілді» жүлдесі; «Мейірман Нұрекеев атындағы үздік әртістік жұмысы»; «Ұлықпан Есенов атындағы үздік музыкалық нөмір»; «Марат Сақатов атындағы үздік сценарий»; «Уайыс Сұлтанғазин атындағы үздік образ»; «Жарасқан Әбдірашев атындағы үздік монолог»; «Тоқсын Күлекеев атындағы көрермендер көзайымы»; «Құдайберген Сұлтанбаев атындағы «Үміт» жүлдесі».

Оценить материал
0