Семейдегі әуежай құрылысы шілде айында аяқталады
1380

Фото: Altaynews.
Облыс әкімі Даниал Ахметов Семей қаласына іс-сапар барысында әуежай құрылысын бақылап, бұл жұмыстарға жауапты компания басшысымен кездесті.
«Терезе» ЖШС компаниясының бас директоры Лұқбек Тумашинов құрылыс барысындағы жұмыстармен таныстырып өтті.
Оның айтуынша,бүгінге дейін әуежай құрылысына 6 млрд қаражат жұмсалған.
- Жұмыстар кесте бойынша жүргізіліп, ұшу алабы дайын тұр.Қазір әуежайдың іші толық жөндеуден өткізілуде.Барлығын қалпына келтіріп,шілде айында жұмысты аяқтаймыз,-деді компания басшысы.
Өңір басшысы Д.Ахметов әуежайдағы жұмыстарға жақсы баға берді. Әуежайды күрделі жөндеуге «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша 10 млрд теңге қаржы бөлінген болатын.
Дереккөз: Altaynews.
Оценить материал
0
0
Поделиться