Наверх

Погода в Астане: 17 июля, вечер: +22° 3 м/с18 июля, ночь: +17° 3 м/с18 июля, утро: +23° 2 м/с18 июля, день: +29° 3 м/с

Оңтүстік Қазақстанда «Нұрлы жер» бағдарламасымен 7 тұрғын үйдің құрылысы басталды

478
Фото: Әкімдіктің сайтынан.

Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданында «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде көпқабатты 7 тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатыр, деп хабарлайды Объектив.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оған қазынадан жалпы 2 млрд. 600 миллион теңгеден астам қаржы бөлінді. Тұрғын үйлер ауданның Т. Рысқұлов және Састөбе ауылында бой көтеруде. Бұл елді мекендерде бүгінде 32 мыңға жуық халық тұрады.

Құрылысы қарқын алған Т.Рысқұлов ауылында көпқабатты 5 тұрғын үй, ал Састөбе поселкесінде 32 пәтерлік екі тұрғын үй салынуда. 

Құрылыс жұмыстары жоспарға сай 2018 жылдың соңы мен 2019 жылдың басында аяқталып, пайдалануға беріледі деп жоспарланған. Нәтижесінде 320 отбасы баспаналы болып, қоныс тойын тойламақ. Осылайша түлкібастықтардың «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының шарапатын көретін күн алыс емес.

Мұнда заманауи тұрғын үй құрылысымен бірге сол аймақтың инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымы да жүргізілуде.

Бүгінгі таңда ауданда 1507 азамат тұрғын үй кезегінде тұр.

Оценить материал
0