Астанада «Қазақстан – біздің ортақ үйіміз» фестивалі өтеді
1747

Фото: Ашық ақпарат көзінен.
13 - 14 сәуірде Оқушылар сарайында (Б. Момышұлы даңғылы 5) елорданың 20 жылдығына арналған «Қазақстан – біздің ортақ үйіміз» фестивалі өтеді, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.
Жыл сайын өтетін фестиваль ұйымдастырушылары – Астана қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының хатшылығы мен мәдениет және спорт басқармасы.
Фестиваль бағдарламасында этномәдени бірлестіктердің 17 шығармашылық ұжымының өнер көрсетуі мен фотокөрме бар.
Фестиваль ұйымдастырушылары Қазақстан этностарының шығармашылығы мен мәдениетін дамытуға өз үлесін қосуды қалайтындарды шақырады.
Оценить материал
0
0
Поделиться
Похожие материалы