Наверх

Погода в Астане: 18 июля, ночь: +17° 3 м/с18 июля, утро: +23° 2 м/с18 июля, день: +29° 3 м/с18 июля, вечер: +25° 3 м/с

Қызылорданың «Ақмешіт» фольклорлық ансамблі Лондонда өнер көрсетті

553
Фото: Әкімдіктің сайтынан.

«Ақмешіт» фольклорлық ансамблі Лондонда өткен Наурыз тойына қатысты.  

Шара Қазақстанның Ұлыбританиядағы елшілігінің ұйымдастыруымен өтті,-деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Шараға Қазақстан Республикасының Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Ерлан Ыдырысов қатысып, мерекемен құттықтады. 

Сыр елінен арнайы барған өнерпаздар лондондықтар үшін екі бірдей концерт қойып, өнерлерін паш етті.

"Ақмешіт" ансамблінің концерттік бағдарламасы көрермендерді түрлі жанрдағы музыкалық шығармалармен сусындатты. Ансамбль өнерпаздары Дәулеткерейдің "Көрұғлы", Ықыластың "Жезкиік", халық күйі "Ел айрылған" сынды шығармалар мен әлемдік классикалық туындыларды орындап, ал, ұжымның жеке орындаушылары жыр-термеден шашу шашты. 

"Өнерпаздарымыздың бірегей өнері арқылы біз ұлттық өнерді дәріптейміз", - деп атап өтті филармония директоры Талғат Мақашев. 

"Ақмешіт" фольклорлық ансамблі Сыр бойының төлтума өнерін, қазақ ұлттық фольклорын насихаттау мақсатында 2009 жылы облыстық филармония жанынан құрылды. 1972 жылы ашылған облыстық филармонияда 7 шығармашылық ұжым жұмыс жасайды, оның бірі - "Ақмешіт" ансамблі.  

Ансамбль репертуарында 100-ден астам қазақ күйлері мен заманауи өңделген шығармалар бар. 

"Ақмешіт» фольклорлық ансамблінің құрамында 12 өнерпаз бар. Олар республикалық, халықаралық конкурстар мен фестивальдерде жеңімпаз атанып жүр. 

Соңғы жылдары облыс басшылығының қолдауымен ансамбль өнерпаздары Өзбекстан, Ресей, Түркия  елдерінде гастрольдік сапарларда болды. 

Оценить материал
0