Наверх

Погода в Астане: 19 октября, день: -2° 6 м/с19 октября, вечер: -3° 5 м/с20 октября, ночь: -7° 3 м/с20 октября, утро: -7° 3 м/с

Оңтүстік Қазақстанның Қазығұрт ауданы 70 пайыз газбен қамтылмақ

597
Фото: Ашық ақпарат көзінен.

Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданынындағы 64 елді мекеннің қазіргі таңда 56,3 пайызы табиғи газға қосылған. Бүгінде құрылысы аяқталған 9 елді мекенге табиғи газ қосу жұмыстары жүргізілуде. Биыл жалпы аудан бойынша 45 елді мекен табиғи газ жүйесімен қамтылып, көрсеткіш 70,3 пайызды құрайтын болады. Бұл туралы ОҚО өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қазығұрт ауданының әкімі Төлеген Телғараев мәлім етті, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, аудандағы барлық елді мекеннің 42-сі ауыз су құбырымен қамтылып отыр. 2018 жылы Шарапхана ауылы мен 7 елді мекен ауыз сумен қамтамасыз етіліп, 10 нысанға жөндеу жұмыстары жүргізілмек.

Бұдан бөлек, өткен жылы аудандағы жалпы өңірлік өнім көлемі 7,6 пайызға артып, 97,9 млрд. теңгені құраған. Өткен жылы өңірде 30 шағын жоба іске қосылып, 253 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.

«Ауданның 2016-2020 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасына сәйкес, 2018 жылы өнеркәсіп өнімінің көлемін 6473,3 млн. теңгеге жеткізу межеленіп отыр. Сондай-ақ, есепті жылдың қорытындысы бойынша аудандағы ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 31 641,8 млн. теңгеге жетіп, нақты көлем индексі 101 пайызды құраған. Өңірдегі 330 ұсақ шаруа қожалықтары 21 кооперативке біріктірілді», - деді Төлеген Телғараев.

Аудан әкімінің мәлімдеуінше, «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында «Болашақ» мөлтек ауданынан 16 пәтерлі 4 тұрғын үй ағымдағы жылы пайдалануға беріледі. Биыл жергілікті бюджет есебінен Атбұлақ елді мекенінде 17 пәтерлі қызметтік тұрғын үйдің құрылысы жүргізілетін болады.

Оценить материал
0