Наверх

Погода в Астане: 26 июня, ночь: +13° 4 м/с26 июня, утро: +18° 6 м/с26 июня, день: +20° 9 м/с26 июня, вечер: +13° 6 м/с

Шығыс Қазақстанда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша 14 монография жарық көрді

1603
Фото: Altaynews.

С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік университетінің «Мәңгілік ел» залында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жарық көрген алғашқы 14 монографияның тұсауы кесілді.

С.Аманжолов атындағы ШҚМУ ректоры Мұхтар Төлегеннің айтуынша, Елбасының бағдарламалық мақаласының бір жылдығына орай, университет ғалымдары 14 монографиялық еңбектің тұсауын кеспек.

Негізінде 5 жыл ішінде «100 монография» сериясын шығаруды қолға алған болатын.

Елбасы мақаласының маңызын өз сөзінде облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Нелли Краснобаева да ерекше атап айта келіп, бүгінгі тұсауы кесіліп отырған жаңа оқулықтар мен монографиялардың студенттердің білімін одан әрі нығайта түсетініне сенім білдірді.

Сонымен қатар, биыл тағы да 15 монография жарыққа шығады.

Дереккөз: Altaynews.

Оценить материал
0