Наверх

Погода в Астане: 29 мая, день: +28° 3 м/с29 мая, вечер: +24° 3 м/с30 мая, ночь: +19° 4 м/с30 мая, утро: +21° 4 м/с

Атырауда 17-ші Солтүстік Каспий өңірлік көрмесі өтуде

1705
Фото: Әкімдіктің сайтынан.

Көрменің ашылу салтанатына ҚР Энергетика вице-министрі Болат Ақшолақов пен өңір басшысы Нұрлан Ноғаев қатысты деп хабарлады Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Іс-шараны ұйымдастырушы Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің, Атырау облысы әкімдігінің, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның, KAZENERGY қауымдастығының, “KazService” Қазақстанның Сервистік компаниялар одағының ресми қолдауымен Iteca Қазақстандық көрме компаниясы болып табылады. Бірнеше жылдан бері Global Oil&Gas Atyrau бизнес-кездесулер мен маңызды іс-шаралар өткізетін алаңға айналды.

- Көрмеге қатысушыларға өз ризашылығымды білдіргім келеді, өйткені олар да экономиканың дамуына, кенорындарын дамытуға және әріптестердің арасындағы қатынастарды дамытуға өз үлестерін қосуда. Мұндай алаң барлық қатысушыларға олардың жұмыс бағыттарына қарамастан өз бизнесінің ауқымы мен шекарасын кеңейтуге мүмкіндік береді. Бүгінгі күні облыста мыңнан аса шетелдік және бірлескен кәсіпорындар жұмыс жасайды. Облыс әлемнің 50 елімен ынтымақтастықта, - деді Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев.

- Мұндай іс-шараның мұнай-газ өндіру тарихы дәл осы жерде басталған Атырау облысының аумағында өтіп отырғаны қуантады. Мұнай-газ саласы Қазақстан экономикасы дамуының қозғаушы күші болып қалады, сондықтан біз бәріміз оның серпінді және қарышты дамуына қызығушылық танытамыз. Көрмеге жүз елдің өкілдері қатысуда және барлығы өздерінің жаңашыл шешімдерімен бөлісе алады және жаңа іскерлік байланыстар орната алады, -деп атап көрсетті ҚР Энергетика вице-министрі Болат Ақшолақов.

Global Oil&Gas Atyrau көрмесімен бірге көрме кешенінде AtyrauBuild-2018 құрылыс және интерьер көрмесі орналасқан, оған қатысушылар құрылыс, интерьер, жол құрылысы саласындағы жаңалықтарды таныстыруда. Көрменің барлық қатысушыларына өз өнімі туралы айтуға, жаңа келісімшарттар жасауға мүмкіндіктер берілді.

Мұнан басқа іс-шара бағдарламасына Қазақстанның мұнай-газ саласындағы  КТК (Каспий Құбыр консорциумы), NCOC, Ембімұнайгаз сияқты ірі қатысушылардың семинарлары мен тұсаукесерлері енгізілген.

Көрме үш күн –  10 сәуірден 12 сәуірге дейін өтеді.

Оценить материал
0