Наверх

Погода в Астане: 07 мая, день: +18° 5 м/с07 мая, вечер: +14° 3 м/с08 мая, ночь: +7° 3 м/с08 мая, утро: +15° 2 м/с

Теміртауда ғарышкерлер күніне арналған көрме ашылды

1212
Фото: Әкімдіктің сайтынан.

Теміртау қаласының тарихи-өлкетану мұражайында Ғарышкерлер күні мен Валентина Терешкованың ғарышқа ұшқанына 55 жыл толуына арналған атты көрме ашылды, деп хабарлайды облыс әкімінің ресми сайты.

Экспозиция бірнеше бөлімдерден тұрады. Көрмеде ғарышкер әйелдер туралы деректік материалдар мен фото суреттер келтірілген.

- 57 жыл ішінде ғарышта әлемнің 60-тан астам әйелі болып қайтты. Олар және ғарыш туралы біздің көрме баяндайды, - дейді куратор Светлана Трещёва.

Мұражай залдарында сонымен қатар ғарыштық нысандардың макеттері де келтірілген – «Мир» станциясы, ғарыштық ракетаның бөлігі мен сынақшы ұшқыштың шлемі. 
12-ші сәуірде мұражайда «Әйелдер ғарышы» атты ашық шара өтеді. Көрмені сәуірдің 22-не дейін тамашалауға болады.

Оценить материал
0