Наверх

Погода в Астане: 29 мая, день: +28° 3 м/с29 мая, вечер: +24° 3 м/с30 мая, ночь: +19° 4 м/с30 мая, утро: +21° 4 м/с

Елімізде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерін салуда қазіргі заманғы технологиялар дамытылатын болады

1888
Фото: Министрлік сайтынан.

«ТКШ ҚазОрталығы» АҚ, Хаб Фин Бизнесі және «Collaprime» финдік компаниясы мақсаты –  тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерін салу кезіндегі және әкімшілік ғимараттарды жобалау кезінде қазіргі заманғы технологияларды дамыту болып табылатын өзара түсіністік туралы Меморандум жасасты, деп хабарлайды ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің ресми сайты.

Тараптар алдыңғы қатарлы фин технологиялары мен тәжірибелерін қолдануды, бірлескен пилоттық жобаларды іске асыруды және модельдік және эксперименталды дизайн саласындағы мамандарды оқыту және дамыту бағдарламаларын әзірлеуді жоспарлап отыр. Жол картасы қазірдің өзінде әзірленді және одан арғы іс-қимылдарды үйлестіру және барлық пайда болған мәселелерді шешу үшін жұмыс тобы құрылды.

Жобалаудың ерте кезеңінде жаңа технологияларды пайдалану негізделмеген және дұрыс қабылданбаған техникалық шешімдердің болуына жол бермейді, сондықтан жобалау саласындағы «Collaprimе» тұлғасындағы компаниямен жаңа әріптестік орнатуға қуаныштымыз. Ұзақмерзімді және өзара тиімді ынтықмақтастық орнатамыз деген үміттеміз», - деді «ТКШ Қазорталығы» АҚ Басқарма Төрағасының бірінші орынбасары Әділхан Умербаев.

«Collaprime» Бас директоры Тони Лингвист, финдік ноу-хау мен қазақстанның тәжірибесін біріктіре отырып, көптеген инновациялық шешімдер табуға және оларды табысты іске асыруға болады деп атап өтті.

2020 жылдан бастап Қазақстан толығымен еуропалық құрылыс нормаларына негізделген жаңа құрылыс нормаларына толығымен өтеді.

Оценить материал
0