Наверх

Погода в Астане: 18 сентября, день: +24° 6 м/с18 сентября, вечер: +20° 8 м/с19 сентября, ночь: +15° 8 м/с19 сентября, утро: +15° 6 м/с

Солтүстiк өңір майлы дақылдар алқабын ұлғайта түспек

506
Фото: Әкімдіктің сайтынан.

Облыстық әкiмдiкте көктемгi егiс жұмыстарына дайындық барысы пысықталды. Биыл 4,1 млн. га алқапқа дән себiлмек, оның 2,6 млн. гектарына бидай егiледi. Биыл солтүстiк өңiр майлы дақылдардың алқаптарын одан сайын ұлғайта түспек, деп хабарлайды облыс әкімінің ресми сайты.

«Былтыр бiздiң диқандар майлы дақылдардың алқаптарын 40 пайызға ұлғайтты. Биыл да бұл жұмыспен белсендi айналысып жатырмыз. Тұқым дайындалды, субсидиялау механизмдерiн анықтадық. Биыл майлы дақылдардың алқабын 1 миллион гектарға жеткiземiз. Қазiр майлы дақылдар аса пайдалы болып тұр: рапс пен зығырдың бағасы жоғары, ал бидайдың құны күзден берi өскен жоқ. Халықтың да табысы осыған тәуелдi ғой», — дедi облыс әкiмi Құмар Ақсақалов.

Мемлекет өңiрдiң егiс шаруашылығына субсидия түрiнде 16,3 млрд теңге бағыттамақ.

Жиын соңында СҚО әкiмдiгi мен Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетi арасында меморандум жасалды. Құжатқа облыс әкiмi Құмар Ақсақалов пен университеттiң басқарма төрағасы Ақылбек Күрiшбаев қол қойды.

Оценить материал
0