Наверх

Погода в Астане: 05 августа, ночь: +18° 3 м/с05 августа, утро: +21° 3 м/с05 августа, день: +24° 2 м/с05 августа, вечер: +21° 3 м/с

Атырауда әскери оқу орындарына үміткерлерді іріктеу басталды

1163
Фото: atr.kz.

Атырау қаласының Қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген басқармасында Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындарына талапкерлерді іріктеу жұмыстары жүргізіледі,- дейді қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген басқарманың қоғаммен байланыс жөніндегі инспекторы Гүлжансара Мұхтарова.

Өткен жылы Атырау қаласы бойынша 22 үміткер Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындарына ниет білдірді. Оның ішінде 15 азамат денсаулығына, психологиялық тұрақтылығына, дене дайындығына, біліміне қарай іріктеліп алынды және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындарына жіберілді. Нәтижесінде, «Жас Ұлан» республикалық мектебінің түлегі Алтынбек Мухамедьяров және №11 Ы.Алтынсарин атындағы орта мектептің түлегі Шерхан Хайруллин үміткерлер арасында үздіктер қатарына қосылып, Алматы қаласындағы Радиоэлектроника және байланыс әскери инженерлік институтына қабылданса, №24 орта мектептің түлегі Саламат Александр Ақмола облысы Щучинск қаласындағы Ш.Уәлиханов атындағы Кадет Корпусына қабылданды. Бұл, үміткерлердің ғана емес, сонымен қатар, оларға патриоттық тәрбие беріп, әскери қызметке дайындаған бірінші кезекте ата-анасының, оқу орындарындағы әскери даярлық жетекшілерінің еңбегінің жемісі.

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындарына үміткерлерді іріктеу жұмыстары жүргізілуде. Өзінің болашағын Қазақстан Республикасы әскерінің гүлденуіне үлес қосып, саналы ғұмырын әскери қызметпен байланыстырғысы келетін азаматтарды әскери оқу орындарына түсуге шақырады. Қосымша мәліметтерді Атырау қаласының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген басқармасының әскерден тыс даярлық жөніндегі нұсқаушы сержанты Б.Шапиковтен алуға болады.

 Дереккөз: Атырау газеті.

Оценить материал
0