Наверх

Погода в Астане: 02 июня, день: +34° 4 м/с02 июня, вечер: +29° 3 м/с03 июня, ночь: +23° 5 м/с03 июня, утро: +27° 5 м/с

Ақмолада «Үздік Ұланбасы - 2018» облыстық байқауы өткізілді

4585
Фото: Алисултан Омаров.

Ақмола облысы білім басқармасы, өнерпаз дарынды балалармен жұмыс жүргізу жөніндегі облыстық оқу-әдістемелік орталығыоблыстық«Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» қоғамдық бірлестігі бірлесіп «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының аясында «Жас Ұлан» ұйымының ұланбасылары арасындағы «Үздік Ұланбасы - 2018» облыстық байқауынөткізді, деп хабарлайды Ішкі саясат басқармасы.

Байқаудың мақсаты – балалар мен жасөспірімдер арасында интеллектуалдық және шығармашылық әлеуетін, көшбасшылық біліктіліктерін, отансүйгіштік сезімдерін дамыту, балалар қозғалысының өзекті мәселелерін шешугебағытталған өңірлердегі балалар мен жасөспірімдер ұйымдарының өкілдері арасында ынтымақтастықты ұйымдастыруға көмек беру.

«Үздік Ұланбасы - 2018» облыстық байқауының қатысушыларын басын біріктіріп таныстыру, тығыз қарым-қатынас орнатумақсатында көптеген мәдени шаралар ұйымдастырылды. Атап айтқанда, Үкілі Ыбырайатындағы облыстық филармонияда «Jeans Party»концерттік кеш және Ақмола облыстық тарихи-өлкетану мұражайына экскурсия жасалды. Сондай-ақ, «Kokshe» телеарнасының тележүргізушісі Ермек Елберген және «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» жастар қанатының Көкшетау қалалық филиалының төрағасы, «Ділмар КУАМ» дебат клубының мүшесі Аян Хафиздың қатысуымен байқау қатысушыларына арнайы «Көпшіліктің алдында өзін-өзі ұстау және дұрыс сөйлеу мәнері» тақырыбында тренинг жүргізілді.

«Үздік Ұланбасы - 2018» облыстық байқауы «Менің жетістігім – Отанымның жетістігі!» тақырыбында танысыру, 2017-2018 оқу жылында өткізген іс-шаралар жөнінде презентация, «Ұланбасының бір күні» бейнеролигі және сұрақ-жауап кезеңдері бойынша өтті.

Іс-шараға Астрахан, Ақкөл, Аршалы, Атбасар, Біржан сал, Бұланды, Ерейментау, Есіл, Жақсы, Жарқайын, Зеренді, Қорғалжын, Целиноград, Шортанды, Бурабай аудандарынан және Степногорск, Көкшетау қалаларынанжалпы саны 20 ұланбасы қатысты

Байқаудың құрметті қонағы ретінде Республикалық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының төрайымы Динара Садвакасова қатысты.

Тартысты өткен байқаудың қорытындысы бойынша, І дәрежелі дипломмен Целиноград ауданының Ұланбасысы Динара Болат, ІІ дәрежелі дипломмен Атбасар ауданының Ұланбасысы Жұлдызай Оспанова, ал ІІІ дәрежелі дипломмен Жарқайын ауданынан Саяжан Жусупбекова марапатталды. «Үздік Ұланбасы - 2018» байқауында гран-при атағын Жақсы ауданының Ұланбасысы Айжан Хамит иеленді.

Сонымен қатар, өзге қатысушылардың арасынан «Үздік сапалы бейнеролик», «Үздік бейнеролик», «Көрермендер көзайымы», «Сөз шебері» номинацялары бойынша мықтылар анықталды.

Жеңімпаздар дипломдарменбағалы сыйлықтармен және байқаудың  бас  жүлдесі «Үздік Ұланбасы - 2018» облыстық байқауының кубоктармен марапатталды

Алисултан Омаров. 

Оценить материал
0