Наверх

Погода в Астане:02 декабря, ночь: -21° 3 м/с02 декабря, утро: -24° 4 м/с02 декабря, день: -15° 2 м/с02 декабря, вечер: -21° 4 м/с

Ақмола облысында COVID-19-ға қарсы алдын алу және қорғау шаралары күшейтілді

1249
Фото: Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы

Ақмола облысында коронавирустық инфекцияның алдын алу және оған қарсы күрес және өңірде сырқаттанушылықтың өсуіне жол бермеу бойынша жұмыс күшейтілді, - деп хабарлайды Объектив.kz ақпарат агенттігі Ақмола облысының ішкі саясат басқармасына сілтеме жасап.

Ақмола облысы әкімінің орынбасары Айна Мысырәлімованың айтуынша, бүгінде барлық күш-жігер мен қаражат жұмылдырылып, облыс халқын пандемияның екінші толқынынан сақтау үшін тиісті шаралар қабылданды.

"Эпидемиологиялық жағдай және шектеу іс-шараларын одан әрі күшейту тікелей өзімізге байланысты. Бүгінгі таңда ең бастысы – сіз баратын немесе жұмыс істейтін жерлерде санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтау. Мінез-құлық мәдениеті болуы керек", - деді әкімнің орынбасары Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде.

Айна Мысырәлімова өңірдегі денсаулық сақтау ұйымдары мен медицина қызметкерлерінің дайындығы туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Бүгінде облыстың медициналық мекемелерінде резервте мемлекеттік және жеке медициналық ұйымдардың, санаторий-курорттық мекемелердің базасында 5 мың төсек орын бар. Науқастардың жағдайын бағалау және емделуге көмектесу үшін 136 мобильді медициналық бригада жұмыс істейді. Тестілеу мен диагностикаға қуаты тәулігіне 2350 тест болатын 6 зертхана тартылған.

Облыс ауруханалары 343 ӨЖЖ аппаратымен және 582 оттегі концентратымен жабдықталған. Сондай-ақ, тартылған қаражат есебінен 1,7 мыңнан астам медициналық жабдық сатып алынды. Санитарлық қызметтерге көмекке 30 бірлік санитарлық автокөлік қойылды, жақын арада тағы 28 машина техника қатарын толықтырады. Медициналық персонал жеке қорғаныс құралдарымен толық көлемде қамтамасыз етілген.

Тіркелген жері бойынша пациенттерді емдеу үшін емханаларда тегін ыстықты түсіретін препараттар мен антикоагулянттар беру басталды. Сонымен қатар, 352 дәріханада екі айлық дәрі-дәрмек қоры құрылды.

Брифинг соңында А. Мысырәлімова белгіленген санитарлық нормалар сақталмаған жағдайда пессимистік сценарий қайталануы мүмкін екенін атап өтті.

Оценить материал
0