Weather Icon
Загрузка...
18+

«Таза Қазақстан» қағидаттарын балабақша мен мектеп тәрбиесіне енгізу ұсынылды

Рассказываем Рассказываем
Дата публикации:
10 сентября, 2026
izobrazhenie 91

«Таза Қазақстан» бастамасының қағидаттарын балалардың күнделікті тәрбиесінеенгізіп, оны экологиялықакциялармен шектемей, тұрақты мәдениетке айналдыруұсынылды. Бұл туралы «Respublica» партиясыфракциясының депутаттарыҮкіметке жолданатын депутаттық сауалда мәлімдеді.

 

Депутаттардың айтуынша, Мемлекет басшысы бірнеше рет атап өткендей, «ТазаҚазақстан» – бір реттікэкологиялық акция емес, жаңа қоғамдық мәдениеттіқалыптастыруға бағытталған бастама.

«Таза Қазақстан» ұғымы қоршаған ортаны таза ұстаумен ғана шектелмейді. Ол ниетпен іс-әрекеттіңтазалығын, әділдікті, адамдарға, өзгенің еңбегіне, қоғамдық мүліккежәне өз еліне деген құрметті қамтиды.

Осыған байланысты депутаттар бастама қалалар мен ауылдардың келбетінөзгертумен қатар, азаматтардыңмәдениеті мен ойлау жүйесіне де ықпал етуі қажетдеп есептейді.

Тазалықты акция емес, күнделікті әдетке айналдыру керек

Депутаттардың пікірінше, қоғам айналаны тазалауға үйренгенімен, ендігі міндеттазалықты күнделікті өмірсалты мен мәдениетке айналдыру.

Бұл құндылықтарды бала кезден қалыптастыру қажет. Өйткені мінез-құлықмәдениеті алғашқы айыппұлдан кейінемес, одан әлдеқайда ертерекотбасында, балабақшада және бастауыш сыныпта қалыптасады.

«Бала ненің жақсы, ненің жаман екенін біліп қана қоймауы керек. Адамдарға құрмет, әділдік, жауапкершілік, өзгенің еңбегіне және өз еліне ұқыпты қарау баланың ішкіқағидаттарынаайналуы тиіс», – дейді депутаттар.

Олардың айтуынша, тәрбие жұмысының тиімділігін өткізілген іс-шаралар менесептердің санымен бағалаужеткіліксіз. Негізгі өлшем баланың күнделікті мінез-құлқынан, қалыптасқан дағдылары мен жауапкершілігіненкөрінуі тиіс.

Құндылықтарды жас ерекшелігіне қарай енгізу ұсынылды

«Respublica» фракциясының депутаттары Үкіметке бірнеше ұсыныс жасады.

Біріншіден, «Таза Қазақстан» қағидаттарын балабақшалар мен мектептердіңкүнделікті тәрбие жұмысына енгізуұсынылды. Депутаттар мұндай құндылықтаржекелеген акциялар немесе сынып сағаттары арқылы ғана емес, баланың күнделіктііс-әрекеті арқылы қалыптасуы қажет деп санайды.

Екіншіден, тәрбие жұмысын баланың жас ерекшелігіне қарай кезең-кезеңіменжетілдіру ұсынылды.

Депутаттар білім беру жүйесінде негізгі құндылықтарды мынадай тәртіппен жүйелітүрде қалыптастырудыұсынды:

балабақша мен бастауыш сыныптарда – «Таза Қазақстан» қағидаттары;
орта буында – «Әділетті Қазақстан» құндылықтары;
жоғары сыныптарда – «Заң және тәртіп», «Адал азамат» қағидаттары.

Бұл арқылы балалардың заңға құрметін, азаматтық жауапкершілігін, елге, қоғамғажәне айналасынажанашырлықпен қарауын қалыптастыру көзделеді.

«Міндетімізтаза ел ғана емес, жауапты ұрпақ тәрбиелеу»

Депутаттар «Таза Қазақстан» идеясын қоршаған ортаны абаттандырумен ғанашектемеу қажет екенін атап өтті.

«Біздің міндетіміз – Қазақстанды жай ғана таза ету емес. Біздің міндетімізтазалық, әділдік, құрмет пен жауапкершілік ішкі қағидатына айналған ұрпақ тәрбиелеу», – делінгендепутаттық сауалда.

Осы ұсыныстар Үкіметке жолданатын депутаттық сауалға енгізілді. Құжат ҚазақстанРеспубликасының Премьер-министрі Олжас Бектеновке жолданады.

Наша редакция участвует в партнёрской сети «Все СМИ».
Теги:
Лента